![Қызылорда қаласында вирус жұқтырғандар көбейіп отыр](/media/2020/05/03/3925414f-f944-4aff-b968-5305aa6f685b.jpeg)
Жаңадан анықталғандардың 4-уі Қызылорда қаласынан, 1-уі Жаңақорған ауданынан тіркеліп отыр.
Облыста бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясын жұқтырудың 214 дерегі тіркеліп отыр. Оның 74-і Қызылорда қаласынан анықталған. Шиелі ауданында 66, Жаңақорғанда 31, Сырдарияда 26, Аралда 6, Қармақшыда 5 және Қазалы ауданында 3 жағдай тіркелген.